$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда жол апатынан алты өзбекстандық қаза тапты

Көліктер Өзбекстанда тіркелген

Маңғыстауда жол апатынан алты өзбекстандық қаза тапты
Фото: istockphoto.com

16 қазан күні сағат 07:30-да Бейнеу-Тәжен тас жолында Jac және MAN көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Jac көлігі жолдың шетінде шекарадан өту үшін кезек күтіп тұрған MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Көлікте барлығы 10 адам болған. Оның төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Қажетті емдеу толық көлемде алынады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапты. ЖКО қатысушылары болған барлық көлік құралдары Өзбекстан Республикасында тіркелгені нақтыланады.

«Жәбірленушілер мен қаза тапқандар Ресей Федерациясынан оралған Өзбекстан Республикасының азаматтары. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға туралы Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабарланды», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары