16.10.2024, 22:24
Оқиғалар
Алматыда жеті көліктің қатысуымен жол апаты болды (ВИДЕО)
Аталған факті бойынша полицейлер қазір тергеу жүргізуде
Бейнеден кадр
Бүгін Алматыда жеті көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды. Апат туралы Алматы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген видеолар алдымен әлеуметтік желілерде тарады.
ПД мәліметінше, апат күндіз сағат 15: 30-да Алатау ауданында болған. Апат салдарынан «ГАЗ» маркалы машинаның жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.
«Алатау ауданының Жол полициясы басқармасының қызметкерлері апатты тергеуге кірісті. Жол апатына кім кінәлі екені тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды