17.10.2024, 04:00
Оқиғалар
Астанада саунаның әкімшісі кассадан үш миллион теңге жымқырған
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр
Фото: depositphotos.com
Астанада саунаның әкімшісі үш миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда полициясына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті.
Саунаның иесі кассадан шамамен үш миллион теңге жымқырылғанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аталған мекеменің 34 жастағы әкімшісі бұл іске күдікті ретінде анықталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел жұмыс барысында келушілерден түскен ақшаның бір бөлігін кассаға салып, қалғанын өз шотына аударып отырған. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
