10.10.2024, 09:41
Оқиғалар
Шымкенттегі Әуезов мектебінің есепшісі 3 жылға сотталды
Ол ай сайын өз есепшотына артық ақша аударып отырған
Фото: istockphoto.com
Шымкенттегі тағы бір мектептің есепшісі бас бостандығынан айырылды: ол мектеп бюджетінен өз есепшотына 5,1 млн теңге ақша аударып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, ол бұл қаражатты ай сайын аз-аздан аударып отырған. Бірақ, жалпы ұрланған ақша 5,1 млн теңгеден асып кеткен.
«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлайды Шымкент прокуратурасы.
Есепші кінәсін толық мойындаған соң, сот оған неғұрлым жеңіл жаза берген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді