07.10.2024, 16:00
Оқиғалар
Қостанай облысында 4 жұмысшы бункердің ішінде тұншығып өлді
Олар тереңдігі 5 метр бункерге кіріп, қайтып шыға алмаған
Фото: pixabay.com
Қостанай облысы Рудный қаласында 4 жұмысшы қаза тапты: олар тереңдігі 5 метр бункердің ішіне түсіп, қайта шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты аймақтық төтенше жағдайлар департаменті растады.
«6 қазан күні Қостанай облысының Рудный қаласында тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазалаймыз деген 4 жұмысшы бункерге түсіп, қайта шыға алмаған. Оқиға орнына құтқарушылар, полиция мен жедел жәрдем тез жетті. Оқиға орнына келген құтқарушылар жұмысшылардың денелерін алып шықты», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды