07.10.2024, 16:42
Оқиғалар
«Астана LRT» компаниясы құрылыстағы жамаудың қайдан шыққанын айтып берді
Бетондағы жамау-жамау ағаш уақытша қойылған болып шықты
Фотоколлаж/Әбілқасым Есентаев
Астана LRT компаниясы желіде тараған суретке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде екі бетон жолдың бір-бірімен ағаш арқылы жамалған суреті тараған еді. Редакция қала халқының қауіпсіздігіне алаңдап, LRT компаниясына сұрау салған болатын.
«Ш.Қалдаяқов пен Қ.Қуанышбеков көшелерінің қиылысындағы LRT құрылыс учаскесінде 114-115 аралықта монолитті арқалықтар арасындағы түйісте NR14 тіреуішінде алдын ала тіреу арқандары аяқталғаннан кейін монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін қалып орнатылды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компания суретте көрініп тұрғандай, бір күннің ішінде ағаштарды шешіп қойған.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды