06.10.2024, 17:55
Оқиғалар
Астанада референдум күні 39 сәби дүниеге келді
Олардың ішінде 29 ұл бала мен 10 қыз бала бар
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Астанада 2024 жылғы 6 қазанда сағат 00:00-ден 15:00-ге дейін 39 нәресте өмірге келді, оның ішінде 29-ы – ұл және 10-ы – қыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нәрестелер мен олардың аналары жақсы жағдайда және оларға тиісті күтім көрсетіліп жатыр. Референдум күні елорданың медициналық мекемелері акушерлік бөлімшелердегі әйелдерге дауыс беруді ұйымдастырды. Арнайы сайлау учаскелері тікелей ауруханаларда ашылды, бұл жүкті және босанған әйелдерге медициналық мекемелерден шықпай-ақ таңдау жасауға мүмкіндік берді.
Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
