Мұқағали Мақатаев референдумда дауыс берді

Аягөз Құрмаш

Ұлы ақынмен аттас адам Жетісу облысында тұрады 

Мұқағали Мақатаев референдумда дауыс берді
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Ақиық ақынмен аттас Мұқағали Мақатаев есімді азамат Екіаша ауылындағы №356 сайлау учаскесінде таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.


«Бүгін елімізде орын алып жатқан маңызды шараға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп таңдауымды жасадым. Референдумға келіп, таңдау жасау жалпы парызымыз деп есептеймін», - деді Мұқағали Мақатаев.

Еске салсақ, 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 339 425 азамат бюллетень алған. Бұл тізімге енген азаматтардың 51,77 пайызды құрайды. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.