04.10.2024, 22:20
Оқиғалар
Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам көз жұмды
Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com
Алматыда қоғамдық көлік Mitsubishi көлігімен соқтығысып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, жол апаты бүгін түскі сағат 14:48-де Алматының Жетісу ауданында болды.
«Mitsubishi» маркалы көліктің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Бөкейханов көшесінің қиылысында жеке тасымалдаушыға тиесілі № 58-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан «Mitsubishi» көлігінде отырған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды»,- делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды