04.10.2024, 17:24
Оқиғалар
Талғарда түнде төбелес болып, бір жігіт көз жұмды
Қылмыстық іс қозғалған
Фото: © istockphoto.com
Алматы облысының Талғар қаласында түнгі төбелестен бір адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 4 қазанға қараған түні болған.
Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар жастардың айғайлаған даусын, ал біреуі тіпті оқ атылғанын естігенін айтқан.
Алматы облысының полиция департаменті жігіттер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқанын мәлімдеді.
«Салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жатқызылған, олардың біреуі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелес шығарғандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық істі тергеу барысын облыстық полиция басшысы өз бақылауына алған.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды