ҚР СІМ Таяу Шығыстағы шиеленіске орай қазақстандықтарды консулдық есепке тұруға шақырды

Темірхан Айжан

СІМ өкілі консулдық есепке тұрмайтынын азаматтардың көп екенін айтты  

ҚР СІМ Таяу Шығыстағы шиеленіске орай қазақстандықтарды консулдық есепке тұруға шақырды
Фото: istockphoto.com

Израильде консулдық есепте - 120, Иранда - 102, Ливанда – 139 Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасылары тұрады. Осылай деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өздеріңіз білетіндей Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай шиеленісті. Осыған байланысты Израиль, Иран, Ливандағы дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Осы елдердегі Қазақстан азаматтарымен байланыс арналары құрылды, олармен тұрақты байланыс сақталуда және қандай-да бір елдегі жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті ұсыныстар берілді», - деді Смадияров.

Бұған дейін елшіліктер әскери саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету қажеттілігін бірнеше рет жариялаған.

«Көптеген азаматтар консулдық есепке тұрмайтынын назар аударғымыз келеді. Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақытты алады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шетелдегі Қазақстанның бүкіл азаматтарын консулдық есепке тұруға шақырамыз. Сондай-ақ қазіргі уақытта Израильде, Иранда, Ливанда тұратын Қазақстан азаматтарына аса қажет болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ ҚР СІМ-нің аталған елдердегі Қазақстанның елшіліктерімен байланыста болуын сұраймыз», - деді ол.

Еске салсақ, бүгін СІМ шұғыл брифинг өткізіп, Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.