Ақылы автотұрақтан түсетін пайданың 80-90 пайызы бюджетке түсуі керек – Аймағамбетов

Темірхан Айжан

Депутат қаржының жекеменшікке түскенінен қала әкімдігі кінәлі емес дейді

Ақылы автотұрақтан түсетін пайданың 80-90 пайызы бюджетке түсуі керек – Аймағамбетов
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Астана әкімдігі автотұрақтар бойынша бұрын қабылданған шешімді орындауға мәжбүр екенін айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақылы автотұрақтарды жою керек деп жатқан жоқпыз, бұл саланы реттеу керек. 100 теңгенің 70 теңгесі жекеменшік компанияға, 30 пайызы ғана мемлекетке берілгені дұрыс емес, оның 80-90 пайызы бюджетке түсу керек. Әлеуметтік маңызы бар орындарда тұрақ ақысыз болуы тиіс. Айыппұлдың сомасы да әділетсіз. Ақылы деген белгіні көрмей қалғаны үшін азаматтарға 5 мың, 10 мыңдап айыппұл салу әділдікке жатпайды. Қазір қала әкімдігі алдында қабылданған шешімдерді орындауға мәжбүр болып отыр. Олардың кінәсі деп айту қиын. Сондықтан біз заң шығаратын орган ретінде мемлекеттің жән жеке азаматтардың мүддесін қорғайтындай етіп жүйені реттеуіміз керек», - дейді ол.

Бұған дейін, депутат ақылы автотұрақтарға түсетін пайданың әділетсіз бөлінуі туралы айтып, дабыл қаққан еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.