02.10.2024, 12:17
Оқиғалар
Таразда мас адам қолына пышақ алып, тұрғындарды шошытқан (ВИДЕО)
Полицияның мәліметіне сүйенсек, ер адам негізі суицид жасауға әрекеттенген екен
видеодан скриншот
Тараз қаласының полициясы түн ішінде далаға шығып, қолындағы пышағымен тұрғындарды шошытқан адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаның бейнежазбасын таратып, полиция қызметкерлерінің жұмысын көрсеткен.
«Боран-23» автоэкипажының полиция қызметкерлері Нұрболат Амангелді мен Ерлан Дикаев қолында суық қаруы бар мас ер адамды әңгімеге тартты. Артынша кәсіби әдіс-тәсілдер арқылы пышағын тартып алып, оны полиция бөліміне апарды», - деп жазады Жамбыл облысының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы мешітте қолына пышақ ұстаған адамды жиырмашақты полиция ұстай алмай, оған орындық лақтырған еді.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады