$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да марихуана өткізуге рұқсат еткен түрме қызметкерлері сотталды

Олар пара алған 

БҚО-да марихуана өткізуге рұқсат еткен түрме қызметкерлері сотталды
Фото: БҚО прокуратурасы

БҚО-да түрме қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

«Делдал арқылы 15 мың теңге көлемінде кезекті пара алу және 3 ұялы телефонды алып кіргені үшін Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің режимдік бөлімі бастығының міндетін атқарушы қылмыс үстінде ұсталды. Бұған қоса, мекеме қызметкерінің тыйым салынған марихуана заттарын әкелу фактілері анықталды. Іс бойынша жауап алынған күдікті - мекеме қызметкері кінәсін мойындады», - деп хабарлады прокуратура.

Орал қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме қызметкеріне Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара сомасының 30 еселенген мөлшерінде, яғни 450 мың теңге айыппұл салынды.

Осы үкіммен тағы 2 адамға қатысты түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары