29.08.2024, 13:25
Оқиғалар
Семейде заманауи құрылғы көмегімен алаяқтық жасаған шетелдік ұсталды (ВИДЕО)
Ол тұрғындарға банк атынан хабарласқан
Фото: polisia.kz
Абай облысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Семейдегі жалдамалы пәтерде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын ұялы байланыс желілеріне қосқан шетелдік адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл құрылғы ҚР азаматтарына қоңырау шалу бойынша алаяқтық схемаларда, яғни, банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде хабарласу үшін пайдаланылған», - деп хабарлады ПД.
Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламалар жасау, пайдалану, тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен адамдар анықталуда.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды