26.08.2024, 16:59
Оқиғалар
Таиландта су тасқыны мен көшкін салдарынан 22 адам қаза тапты
Апат 31 провинцияның тұрғындарына әсер еткен
Фото: istockphoto.com
16 тамызда басталған Таиландтағы муссон тасқыны мен көшкінінен 22 адам қаза тапты, тағы 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Үкімет қатты муссондық жаңбырдан кейін тасқын суларды бұру және елдің солтүстігіндегі бес провинциядағы 737 зардап шеккен ауылға көмек көрсету жұмыстарын күшейтіп жатыр», - деп хабарлады апаттардың алдын алу және азайту департаменті.
Ведомство 31 провинцияның тұрғындарына бейсенбіге дейін су тасқыны мен қатты желге байланысты сақ болу керегін ескертті.
Шенеуніктерге жағдайды мұқият қадағалап, төтенше жағдайларды жою топтары мен қауіпті аймақтарға арналған техниканы дайындау тапсырылды.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды