Астанада 10 адамды алдаған пәтер алаяғы ұсталды

Молдатай Сымбат

Ол 20 млн теңгені жинап алып, ғайып болған

Астанада 10 адамды алдаған пәтер алаяғы ұсталды
Фото: depositphotos.com

Астанада алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда полициясына қала тұрғындары арызбен жүгінген. Ал күдікті өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін ақша табудың жоспарын ойлап тапқан.

«Қоғамның сеніміне кірген ол, өзін тұрғын үй қорының жұмыскері ретінде таныстырып, тиімді шарттармен пәтер алуға өзінің қызметін ұсынған. Елорда тұрғындарының көпшілігі жеке баспанасы болмай, жалдамалы пәтерлерде тұрғандықтан алаяқтың ұсынысын қабылдаған. Келтірілген шығын шамамен 20 млн теңгеден асқан», - деп хабарлады ПД.   

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы азаматты ұстады. Күдікті жасаған қылмысын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.