«Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек»: Жанар Өтешева ҰОК шешіміне қатысты пікірін айтты
Ол бұған дейін жарияланған нұсқада шикі тұстар көп екенін айтты
ҰОК-нің экс-бас хатшысы Жанар Өтешева өзінің жұмыстан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сенімді жоғалтпаған» достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ. Менде бәрі жақсы, бәріне көп рақмет. Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада «шикі» тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой», - деп жазды Жанар Өтешева.
Еске салсақ, Қазақстан ҰОК бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жариялады. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды деп хабарланған еді.