$ 523.46  600.04  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2024, 11:51
Оқиғалар

Қазақстанның жолдарында жеті ай ішінде 584 адам жол апатынан қаза тапқан

Тағы 2,6 мың адам жарақат алған

Қазақстанның жолдарында жеті ай ішінде 584 адам жол апатынан қаза тапқан
Фото: freepik.com

Жыл басынан бері Қазақстанның автожолдарында 1502 жол апаты тіркелген. Өкінішке қарай, осы апаттар 584 адамның өмірін қиған. Бұл туралы үкімет кулуарында Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап бере отырып Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті.

Дәлірек айтқанда, редакция тілшісі «қанды трасса» деген атқа ие болған Самара-Шымкент автожолындағы апаттар туралы сұраған еді. Спикердің айтуынша, 2027 жылға қарай бұл жолдың екі жағына төрт-төрт жолақ салу көзделіп отыр.

«Ал, ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері трассаларда 1502 жол апаты тіркеліп, 584 адам қаза тапқан. Тағы 2 682 адам жараланған», - деп хабарлады ол.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Жамбыл облысының трассасында болған апаттан екі жол полиция қызметкері мен тағы төрт жолаушы қаза тапқан еді. Қаза тапқандардың арасында 11 баланың әкесі Ғалым Арыстанбаев болған. 

Серіктес жаңалықтары