$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда толғағы қысқан әйел жолда туып қоя жаздады (ВИДЕО)

Полицейлер көмегімен перзентханаға жедел жетті

Қостанайда толғағы қысқан әйел жолда туып қоя жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Патрульдік полиция ротасының инспекторлары Еркін Төлегенов пен Ержан Албатыров босанайын деп жатқан әйелді ауруханаға жылдам әрі кедергісіз жетуін қамтамасыз етті.

«Мен, серіктесім екеуміз экипаж құрамында қызмет атқардық. Қостанайға кіре берістегі А-22 автожолының шамамен 10 шақырымында бізге ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі келіп, көлікте жұбайының толғағы қысып жатқанын хабарлады. Көп ойланбай, біз жарқырайтын шамдарды қосып, олардың кедергісіз жүруін қамтамасыз еттік», – деді Еркін Төлегенов.

6 минуттан кейін, ауруханаға аман-есен жеткізілген әйел дүниеге қыз алып келді. Полицейлерге бұл қуанышты жаңалықты әкесі хабарлады. 

Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты Рудныйда тұрады. Дүниеге келген қыз – олардың отбасындағы 8-ші бала.

Серіктес жаңалықтары