4121 науқас: Қазақстанда тағы 72 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 мамыр 10:00-дегі эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 72 адам тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 17, Алматы қаласында – 17, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында – 9, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 10, Түркістан облысында 11 адам бар. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Қазіргі уақытта еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 4121 адамға жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 723
Алматы қаласы – 1335
Шымкент қаласы – 215
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 160
Алматы облысы – 156
Атырау облысы – 202
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Жамбыл облысы – 158
Батыс Қазақстан облысы – 198
Қарағанды облысы – 159
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 216
Маңғыстау облысы – 84
Павлодар облысы – 150
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 154 адам.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус кеше анықталған коронавирус жағдайларының көбі Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында екенін айтты. Ал өсім бойынша Маңғыстау алда тұр.
«4049 коронавируспен ауырған адам тіркелінді. Өткен тәулік бойынша анықталғандар саны – 129. Өсім деңгейі 3,3%-ды құрады. Жаңа науқастардың 84-інен COVID-19 профилактикалық скринингтің негізінде табылған. 36 науқас медициналық көмекке жүгінген. 9 науқас шетелден келген. Ең жоғары деңгей Алматы қаласында тіркеліп, 33 жағдай болды. Батыс Қазақстан облысында 20 науқас қосылды. Ең үлкен өсім – Маңғыстау облысында, 13,8%», - деді Е.Біртанов Үкімет отырысында.
Айта кетсек, елімізде қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны 1173 адамға жетті. Өкінішке қарай, 29 адам көз жұмды.