$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 10:23
Оқиғалар

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тіркелді

Өңірде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 154-ке жетті

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Түркістан облысында тағы 11 адамның қауіпті вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

«COVID-19 вирусын жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды зерттеу барысында Арыс қаласының 1963, 1970, 1977, 1982, 2006, 2017, 2013 жылғы тұрғындарынан және 1992 жылғы 2 азаматшадан анықталып, тіркелді», - деленіген хабарламада.  

Сондай ақ, Ордабасы ауданының 1994 жылғы және 2015 жылғы тұрғындарының сынамасы да олардың коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда, науқастардың барлығы оқшауланып, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар медициналық бақылауға алынуда.

Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

5 мамырдағы мәлімет бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 154-ке жетті.

Серіктес жаңалықтары