$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 09:49
Оқиғалар

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатын куәгерлер бейнекамераға жазып алған

BMW автокөлігі жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберген

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатын куәгерлер бейнекамераға жазып алған

Қарағанды көшелерінің бірінде болған жол көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Екі көліктің соқтығысуы Гоголь мен Лобода көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлер оқиға болғаннан кейінгі сәтті бейнекамераға жазып, әлеуметтік желілер арқылы таратуда. Видеокадрлардан сау-тамтығы қалмаған BMW автокөілігін және жерде қимылсыз жатқан ер адамды көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, ауыр жарақаттанған жігіт көліктің жолаушысы болған. Ал, екі жүргізуші де жеңіл жарақатпен құтылыпты.

«Соғылған автокөліктің бірі аса жоғары жылдамдықпен келді. Соқтығысқаннан кейін оның спидомтрінің тілі 180 км/сағ жылдамдығында қатып қалған. Расымен де осындай жылдамдықпен жүрген-жүрмегенін айта алмаймын, бірақ, жылдамдықты шамадан тыс асырғанын көрдік. Жарақат алған жігітке обал болды», - деді куәгерлердің бірі.

Оқиға орнына келген жол патрульдік полициясы апаттың себебі мен оған кінәліні анықтап жатыр.

«BMW және Audi маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Бірінің жүргізушісі – 21 жаста, екіншісі – 22-де. BMW көлігінің салонында болған жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген Қарағанды облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары