Тәулік толмай миллиард қаралым жинаған интервью белгілі болды
Бұл - Трамптың Маскқа берген сұхбаты

Дональд Трамптың x әлеуметтік желісіндегі сұхбаты миллиардқа жуық қаралым жинады. Бұл туралы миллиардер, интервьюді ұйымдастырған Илон Маск мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трамптан интервью алған Илон Маск енді демпартиядан үміткер Камала Харристі осындай сұхбатқа шақырды.
Планетадағы ең бай адам Илон Масктың АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамппен 2 сағатқа созылған сұхбаты көпшілік қызығушылығын тудырғаны анық. Бір қызығы, дәл осы платформадан Трамп 3,5 жыл бұрын қуылған (оны миллиардер Маск сатып алғанға дейін).
Әңгіме барысында Маск америкалықтарды алдағы АҚШ президенттік сайлауында Трампқа дауыс беруге шақырды және үкіметтік комиссияны басқаруға ниет білдірді.
Трамп өзінің сайлау науқанының негізгі тезистерін қайталап, Джо Байденнің кетіп бара жатқан әкімшілігінің көші-қон саясатын сынға алды. Демократиялық партиядан кандидат Камала Харристі «солшыл радикалды айкезбе» деп атады.
Экс-президент Ресейдің Украинаға толық басып кіруіне жол бермейтінін тағы да мәлімдеді және Владимир Путинмен және Владимир Зеленскиймен әңгімелері туралы айтты.