Атырауда тұрғындарды тонаған 3 адам ұсталды (ВИДЕО)

Молдатай Сымбат

Олар қоғамдық орындарда күш көрсетіп тонаған

Атырауда тұрғындарды тонаумен айналысқан 3 күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті.

«Мейманхананың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып, оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын ашық түрде тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып ұсталды. Сондай-ақ 45 және 42 жастағы тұрғындардың телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция. 

Айта кетейік, тонау қылмысы үшін күдіктіге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.