$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 01:06
Оқиғалар

Павлодарда cасық иістен шаршаған тұрғындар шошқа фермасын көшіруді талап етті

Ферма басшылығы үй салуға рұқсат берген шенеуніктерді кінәлайды 

Павлодарда cасық иістен шаршаған тұрғындар шошқа фермасын көшіруді талап етті

Павлолар облысы, Павлодар ауылында тұрғындар шошқа фермасынан жапа шегіп отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қорадан шығатын күлімсі иіс, кешкісін ауылға тарайтын көрінеді. Сасық иіске тұншыққан тұрғындар ферманың басқа жаққа көшірілуін талап етті. 

«2013 жылдан бері мен ауыра бастадым. Сол кезде менің емдеуші дәрігерім  шошқаның исінен аллергия бар деп айтты. Сізде аллергия болса, көшіңіз дейді. Мен қайда барам. Өзім әрең деген де жер алып, үй салдық. Біз қайда барамыз. Көшетін біздің жағдайымыз жоқ. Рубиком көшсін», - дейді Павлодар ауылының тұрғыны Алмахан Жайнақызы.

 Тұрғындардың айтуынша, бордақылау алаңынан шыққан қалдықтар тиісті орынға төгілмейді. Салдарынан ауылды жағымсыз иіс жайлаған. Ауыл шеті доңыз тезегінің қоқыс алаңына айналған.

«Нәжісін ақшаны үнемдеу үшін ауыл сыртындағы бос жерге төге салады. Содан жел соққан кезде  5-6 көшеге бүкіл жағымсыз иіс келеді», - дейді Павлодар ауылының тұрғыны Мамыр Шәкім.

Тұрғындар мұңын шағып талай табалдырықты тоздырған. Алайда, мәселе шешімін таппады. Кәсіпорын басшылығы болса, ферма маңынан үй салуға рұқсат берген жергілікті шенділерді кінәлайды. Өйткені, олар санитарлықты талапты сақтамай тұрғындарға ферма аумағынан жер берген деп есептейді. 

«Бізде әр тоқсан сайын лабораториялық зерттеу шаралары жүргізіледі. Яғни, ауадан, судан, топырақтан сынама алынады. Осы кезге дейін бұл сынама көрсеткіштері санитарлық нормадан асқан емес. Үнемі экология басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жоспарлы, жоспарсыз тексерулер жүргізіп тұрады»,- дейді ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Наталья Витвицкая.

Ол ферманы көшіру олардың жоспарында жоқ екен айтты.
 

Серіктес жаңалықтары