$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 04:49
Оқиғалар

Ақтөбеде ХҚКО ығы-жығы кезекке байланысты полиция шақыруға мәжбүр болды


Бір айға жуық карантиннен кейін мекеме жаңа ашылған

Ақтөбеде ХҚКО ығы-жығы кезекке байланысты полиция шақыруға мәжбүр болды
Фото: ашық дерек көздерінен

Ақтөбеде тұрғындар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шу шығарды, деп хабарлайды КТК арнасы. Бір айға жуық карантиннен соң жаңа ашылған мекемеге жүздеген адам лап қойған. Оларды тәртіпке келтіру үшін полиция қызметкерелерін шақыртуға тура келіпті. Тәртіп сақшылары қақпа алдына жиналғандарды қауіпті дерт туралы ескерткенімен, ешкімнің жан-жаққа тарағысы жоқ. Облыстағы штаб өкілдері карантин тәртібін жеңілдетіп, бүгін біраз мекемелердің жұмыс істеуіне рұқсат берген еді. Олардың қатарында халыққа қызмет көрсететін  орталық та бар. Мұнда тек автокөлік құжаттарына қатысы рәсімдер жасалады. Ал ғимарат ауласы мен кеңсе ішінде сақтық үшін сызықты бойлай жүру керек. Бірақ қақпа алдында ондай тәртіп мүлдем жоқ. Сондықтан кезегін күткендер аулаға бірінші болып кіруге таласып, бірін-бірі итеріскен.

«Орталыққа келген адамдар сақтық үшін арақашықтықты сақтасын деп белгілерді орнатып қойдық. Бірақ тұрғындар оны да елер емес. Өзара дау тудырып, таласып жатыр. Сол үшін амалсыз полиция қызметкерлерін шақырдық»,- дейді Ақтөбе облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Аслан Оразов.

Серіктес жаңалықтары