$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 01:20
Оқиғалар

Әскери ұшақ апатты жағдайда қонған Жетігенге арнайы комиссия аттанды – Орманбетов

Ұшақтың шассиі шықпай қалған

Әскери ұшақ апатты жағдайда қонған Жетігенге арнайы комиссия аттанды – Орманбетов

Жетіген аэродромына әскери ұшақ апатты жағдайда жер бауырлап қонды, деп хабарлайды «Хабар 24». Аэропортқа жедел жәрдем және құтқарушылар барған. Абырой болғанда, олардың көмегі қажет болмады. Ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай қалған. Сондықтан ұшу-қону жолағына алдын ала көбік шашылған. Ұшақ қонғаннан кейін экипаж эвакуацияланған. Оған дейін әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласынан Ақтөбеге бет алған әскери ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмағандықтан, Балқаш қаласына апатты жағдайда қонатыны туралы ақпарат тараған еді.

«С-295 әскери ұшағының алдыңғы шассиінде техникалық ақаулық болып, экипаж командирі, бірінші санаттағы ұшқыш әуеде 1700 сағат ұшуды орындаған Жеңіс Зейнолдинов, командир, көмекшісі Ыбыраев Абылай, борт инженері, майор Карим Пахирдинов қолдан келгеннің бәрін жасап, ұшақты әскери аэродромға шассисіз қондырды. Экипаждан басқа адам болған жоқ. Оқиға орнына арнайы комиссия кетті. Мәселенің мән-жайын анықтайтын болады»,- ҚР Қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов.

Серіктес жаңалықтары