$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Неміс полициясына жүгінген қазақстандық темір торға тоғытылды

Оқиға Лейпцигте болды

Неміс полициясына жүгінген қазақстандық темір торға тоғытылды
Фото: BILD

Өзіне қатысты айыппұлдардың бар-жоғын тексеру үшін Лейпцигтің орталық вокзалындағы полиция учаскесіне кірген 53 жастағы Қазақстан азаматы түрмеге отырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

BILD жазуынша, ол Германияда бұрыннан тұрады. Ер адам кезекшіден өзіне қатысты айыппұл бар-жоғын тексергісі келген.

«Полиция учаскесіне келгенде ол заң бұзбағанына сенімді болған сияқты», - деді полиция өкілі Йенс Дамрау.

Ер адамға қатысты мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін қамауға алу туралы екі санкция бар екені анықталған.

Екі заң бұзушылық үшін ол жалпы сомасы 5 200 еуро айыппұл төлеуі тиіс. Алайда, қазақстандықтың мұндай ақшасы болмағандықтан, ол қамауға алынды. Басылымның жазуынша, ол енді 130 күн түрмеде отырып шығады.  

Серіктес жаңалықтары