12.08.2024, 14:06
Оқиғалар
Астанада «ипотекалық алаяқ» ұсталды
Әйел 25 адамды алдаған
Фото: istockphoto.com
Елордада мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген сылтаумен 25 эпизод бойынша алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйел ипотекалық несиеге баспана алуға көмек көрсету үшін, 1 адамнан 2 млн теңге сұраған.
Бұл туралы полицияға 44 жастағы елорда тұрғыны жүгініп, көмек сұрады.
«Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды», - деп хабарлады Астана қаласы ПД.
Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 12:07
Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушісін бопсалағандар сотталды
