12.08.2024, 12:59
Оқиғалар
Екібастұздағы көмір кенішінде кеншілер мінген автобус аударылды
Автобус салонында компанияның 24 қызметкері болған
Фото: istockphoto.com
«Богатырь» компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ.
«Екібастұз қаласында жүргізуші ЖШС-нің бірінің аумағында ПАЗ автобусын жүргізе отырып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылды. Автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері болды. ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ, сол жерде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды