Су тасқыны салдары: Атырауда мөңке балықтары қырылды

Azattyq Rýhy

Қырылған шабақтардың салмағы – 127 килограмм

Су тасқыны салдары: Атырауда мөңке балықтары қырылды
Фото: t.me/Agropresskz/

Атырау облысының Жылыой ауданында «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырының 64-ші және 72-ші шақырымында мөңке балықтарының шабақтары қырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының хабарлауынша, комиссия шабақтардың қырылған жеріне барды, ақпарат расталды. Жиналған шабақтардың салмағы – 127 килограмм.

Экология департаменті мамандары зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды. Шабақтардың қатты ыдырауына байланысты, балықтың қырылу себептерін анықтау үшін сынама алу мүмкін болмады.

«Көктемгі су тасқыны салдарынан Жем өзені арнасынан асып, шабақтар өзен суымен таяз ойықтарға жиналған. Балық шабақтары қырылуының болжамды себебі – суда оттегінің жетіспеушілігі», - деп хабарлады инспекция.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.