Туысы зорлағаннан кейін 12 жасында сәбилі болған қыздың отбасы жаңа үйге көшті
Отбасыға Павлодар облысы әкімінің шешімімен коммуналдық тұрғын үй бөлінген
Павлодар облысында 12 жасында бөпелі болған қыздың отбасы жаңа үйге көшірілді. Бұл туралы өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенованың мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Отбасы басқа жерге көшірілді. Жаң тұрғын үйдің ішін керек-жарақпен қамтамасыз етуге Моңғолиядан келген кәсіпкер-меценаттар көмектесті. Алдағы уақытта үйдің құжаттарын жасауға да жәрдемдесуді мойындарына алды», - деп жазды ол.
Сәуле Шәкенованың айтуынша, жас ана қиындықтарға тап болған жағдайда, баласы бір жасқа толғанша Аналар үйінде тұрақтай алады. Бірақ қыздың отбасы баланы баға алатынын айтып бас тартқан.
«Бұл отбасы алдағы уақытта уәкілетті органдар тарапынан да, оның ішінде менің тарапымнан да қатаң бақылауда болады», - деді ол.
Қазіргі уақытта жас ана сәбиімен бірге Облыстық перинаталдық орталықта жатыр. Жағдайлары жақсы. Орталықтан шыққаннан кейін балалар дәрігері тарапынан патронат жүзеге асырылатын болады.
«Босанған қызлдың лактациясы басылды, балаға қоспа сүт берілуде. Жас ана 1 қыркүйектен бастап мектептегі оқуын жалғастырады. Оның психоэмоционалды жағдайы мамандардың үнемі бақылауында болады. Сүт қоспаларымен қамтамасыз ету заңнамада көзделген нормаларға сәйкес жүргізіледі», - деді Сәуле Шәкенова.
Еске салсақ, Павлодар облысы Шарбақты ауданында 12 жастағы оқушы қыз туысынан зорлық көріп, аяғы ауыр болған. Күдіктінің жасы кәмелетке толмаған және ол жындыханада жатыр. Жас ана ата-анасымен адам шошырлық жағдайда өмір сүрген.