05.08.2024, 09:33
Оқиғалар
Құны 2 миллиард теңге тұратын есірткі заттары жойылды (ФОТО)
8 күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Шілде айында Астана және Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды. «Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, аталған қылмысты жасады деген күдікпен 8 адам ұсталды. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары. Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ҰҚК.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды