Ғұсман Қырғызбаевқа дзюдо федерациясының басшылары өз ақшасына көлік сыйлаған

Темірхан Айжан

Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған

Ғұсман Қырғызбаевқа дзюдо федерациясының басшылары өз ақшасына көлік сыйлаған
Фото: ҚазАқпарат

Бүгін таңертең Парижден елге ұшып келген спортшы әуежайдан шыға сала су жаңа қымбат көлік мінді. Темір тұлпарды спортшыға Алматы қаласы Дзюдо федерациясының вице-президенттері өз қаражатына алып берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіге тараған видеода көргеніміздей, спортшыны құшақ жайып қарсы алып жатқан халықтың қарасы көп. Құрмет-қошеметке бөленген Ғұсман Қырғызбаевты әуежай сыртында қара түсті Toyota Land Cruiser көлігі күтіп тұрды. 

Еске салсақ, бүгін Олимпиаданың алтын жүлдегері Елдос Сметов пен қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Алматы әуежайына ұшып келді. Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алған еді.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.