$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2024, 11:37
Оқиғалар

«Көксеркенің контрабандасы»: Еуропа елдеріне заңсыз балық экспорттаған топ ұсталды

Олардың жасырын операциясы әшкере болды

«Көксеркенің контрабандасы»: Еуропа елдеріне заңсыз балық экспорттаған топ ұсталды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысы Қонаев қаласының сотында аса ірі көлемдегі балық өнімі «көксерке филесі» контрабандасы бойынша іс жүргізу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік айыптаушылар 2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы азамат И. браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі еліне экспорттағанын дәлелдеді.

«Экспортқа рұқсат алу үшін жасанды көксерке өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығында балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттар пайдаланды. Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан астам теңгені құрады», - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Сот үкімімен азамат И. ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылды. 210 млн теңге кедендік төлемдерді мемлекет кірісіне өндіре отырып, оған бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары