01.08.2024, 11:11
Оқиғалар
Атырау-Ақтөбе тас жолының 590 шақырымында жүкті әйел босанып қала жаздады
Ерлі-зайыптыға патрульдік полиция көмектескен
Фото: istockphoto.com
Тасжолда толғағы қысқан әйел перзентханаға жедел жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүргізушілердің бірі патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне келіп автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталғанын айтқан. Бұл жағдай 28 шілдеде түнгі сағат 00:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 590 шақырымында болған.
«Райымбек Қабдиев пен Қанат Ақмырзаев жедел түрде автокөліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз етті. Перзентханаға жеткізілген келіншек аман-есен ұл босанды. Жас ананың жақындары полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді», - деп хабарлады ІІМ.
Айта кетейік, Атырау облысында жыл басынан бері толғағы қысқан 4 жүкті әйел жолда туып қоя жаздап, патрульдік полициядан көмек сұраған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты