$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2024, 11:47
Оқиғалар

Қанша жесем де қазақтың етіне тоймай кеттім – Голливуд жұлдызы Мадс Миккельсен (ВИДЕО)

Ол елордада өткен ComicCon фестиваліне келген

Атақты голливуд актері Мадс Миккельсен Астанадағы ComicCon фестивалінің арнайы қонағы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ганнибал» және «Доктор Стрэндж» жұлдызы астананың сұлулығына тәнті болған. Актер елордада бір тәуліктен асатын уақыт қана жүрсе де шаһардың әдемі екеніне шүбә келтірмеген.

«Мен Астананы жақсы білемін деп айта алмаймын, өйткені мұнда небәрі 30 сағат қана болдым. Бірақ қала өте әдемі екен, мұны нық сеніммен айта аламын. Тағамдарыңыз ерекше ұнады, өте дәмді. Етті көп жедім, көп жегенім соншалық, неше келі ет жегенімді білмей қалдым», - дейді ол.

Актер Астана велоспорт командасының жанкүйері екенін айтты. 

«Біз Тур де Франсқа барған кезде Астана командасының атағы дүркіреп тұрды. Жарысты көрудің өзі бір ғанибет еді. Ал, Астанада өтетін Көшпенділер ойынын көріп қана қоймай, оның бір бөлшегіне айналып, ат мінгім келеді», - дейді актер.

Айта кетейік, Мадс Миккельсен – Голливуд актері, ол «Ганнибал» және «Доктор Стрэндж» сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы бүкіл әлемге танымал болды.

Серіктес жаңалықтары