01.05.2020, 17:23
Оқиғалар
Алматыда газ баллоны қоймасынан өрт шықты
Қоймада 50 және 25 литрлі газ баллондары сақталған
Фото: баспасөз қызметінен
Алматыда газ баллоны қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 мамыр күні сағат 14:32-де Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Жетісу ауданы, Ратушный көшесі, 78 «Б» мекенжайында қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына сағат 14:44-те барған өрт сөндірушілер «ЛТ» ЖШС аумағындағы газ қоймасы мен газ тарату станциясы өртеніп жатқанын анықтады. Қоймада 50 және 25 литрлі газ баллондары сақталған», - деп жазылған хабарламада.
150 шаршы метрді шарпыған өрт толығымен сөндірілді.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді