Қызылордада 18 жастағы жігіт қаланың 30 нүктесінде есірткі жасырған
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қызылорда қаласының 18 жастағы тұрғыны ірі мөлшерде синтетикалық есірткі сақтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қарасора-2024» іс-шарасы барысында Қызылорда қалалық ПБ ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала орталығында күдікті азаматты тоқтатып, тексеру барысында қолындағы сөмкесінен және қалтасынан 64 қара изолентамен оралған ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ заттар анықталды. Сондай-ақ оның қала аумағында есірткі жасырған 30 нүктесі табылды», - деп хабарлады ПД.
Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 148,79 грамм «а-пирролидиновалерофенен» немесе «a-PVP» психотроптық заттарға жататыны бекітілді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.