23.07.2024, 10:30
Оқиғалар
Алматыда ауладағы көлікті тепкілеген ер адам ұсталды
Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған
Фото: скриншот
Алматыда бөтен адамның көлігін тепкілеп, мүлікке зиян келтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Камераға түсіп қалған видеоға қарағанда, ер адам келіп тұрақта тұрған жеңіл көлікті тепкілейді. Кейін оның жанына бірнеше кісі жиналып, араларында жанжал туған. Біреуінің қолына пышақ ұстап алғаны көрінеді.
«Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды және қамауға алынды. Олар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлады қалалық полициядан.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады