Ақтаулық әке балаларына алимент төлемегені үшін сотталды
Оның берешегі 3 млн теңгеден асқан
Ақтау қаласында алимент төлемегені үшін борышкер бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын «А» есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. 05.07.2024 жылғы соттың үкімімен «А» есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды», - деп хабарлады прокуратура.
Кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.