Қостанайда шенеунік мердігерден 9 миллион теңге алып жатқанда ұсталды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қостанайда шенеунік мердігерден 9 млн теңге алып жатқанда ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржылық мониторинг агенттігі денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде пара алу фактісін анықтады.

«Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыс және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулатория салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған. Тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды», - деп хабарлады агенттік.

Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.