18.06.2024, 07:41
Оқиғалар
Маңғыстау облысында тас жолда КамАЗ көлігі толығымен жанып кетті
Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ
Фото: әуесқой түсірілімнен кадр/mangystaumedia.kz/
Маңғыстау облысындағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай» республикалық тас жолында КамАЗ көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Бейнеу ауылынан 70 шақырым жерде болған. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.
«Өртті сөндіруге «Nobilis Corp» ЖШС мекемесінен 5 өрт сөндіруші, 4 қызметкер қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның салдары мен материалдық шығын туралы мәліметтер әзірге хабарланбайды», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді