Ресейдің Ростов облысындағы тергеу изоляторында айыпталушылар екі қызметкерді кепілге алды
Құқық бұзушылардың бәрі теракт үшін айыпталғандар және сотталғандар
Ресейдің Ростов облысындағы тергеу изоляторында күдіктілер екі қызметкерді кепілге алды. Бұл туралы аймақтық Ресей Федералдық Қылмыстық-атқару қызметі (ФСИН) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Ростов облысының прокуроры міндетін атқарушы Александр Гацко, Ростов облысы прокурорының орынбасары Сергей Капитонов және қылмыстық жазалардың заңдылығын бақылау бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Борис Мостовой барды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тұтқындар қалта пышағымен қаруланған. Алдын ала ақпарат бойынша, қылмыскерлердің бірі Федералдық Қылмыстық-атқару қызметі офицерінің қолына кісен салған.
Құқық бұзушылардың бәрі теракт үшін айыпталғандар және сотталғандар. Кейбіреулері сотталған, ал кейбіреулерінің соты жалғасуда.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кепілге алынғандардың бірі - мекеменің жедел қызметкері, ал екіншісі - инспектор-бақылаушы.
Арнайы операция барысында қылмыскерлер жойылып, кепілге алынғандар зардап шеккен жоқ.