Таиландтан пошта арқылы есірткіге тапсырыс берген 4 адам ұсталды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Олар 3,5 кг каннабис сығындысына халықаралық пошта қызметі арқылы тапсырыс берген

Таиландтан пошта арқылы есірткіге тапсырыс берген 4 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аса ірі мөлшерде есірткі заттары салынған қораптар Таиландтан пошта арқылы жіберілген. Қаржылық мониторинг агенттігі «Әуежай-Астана» кеден бекеті мен DHL курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп, қылмысты анықтады. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен DHL уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық пошта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 кг каннабис сығындысы (гашиш майы) бар», - деп хабарлады ҚМА.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 4 күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.