«Ерсі билейтін қыздардан тәуір»: қазақ тойында билеген афроамерикалық қошеметке ие болды (ВИДЕО)
Оның қимылында қазаққа тән биязылық бар екенін айтқан
Қазақтың тойында афроамерикалық келіншектің билегені қонақтарды тамсандырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тойда асаба Африка елінен келген келіншекті ортаға шығарып билетеді. Сондай-ақ биге қазақстандық азамат шығарылып, африкалық ханшайыммен би сайысына түседі.
Желіде оқиғаға қатысты пікір жазғандар афроамерикалық қыздың биязы екенін айтқан. Олар биге шыққан өзге мүшелерді келген қонақты келемеждегені үшін сынға алған.
«Не деген көргенсіздік. Келген қонақты келемеждеу - мәдениетсіздік. Асабалар мәдениетті болуы керек. Әдемі, сыпайы қыз екен. Нағыз қазақ қызы екен. Тойда билейтін ерсі қыздардан жақсы екен. Тәртіпсіздер қызды ұялтып қойды. Нағыз инабатты, ибалы қыз екен», - деп жазған олар.