$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2024, 12:49
Оқиғалар

Бопсалаумен айналысқан екі блогер қамауға алынды (ВИДЕО)

Күдіктілердің бірі бұрын сотталған

Түркістан облысында полиция бопсалау дерегіне қатысы бар күдікті 2 блогерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облыстық ПД ҰҚҚКБ және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады.

«Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйым басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқан. Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.

Атап айтқанда «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

 

 

Серіктес жаңалықтары