Астана автобустарында «ақылды камералар» билетке ақы төлемегендерді суретке түсіреді
Бастама пилоттық режимде іске қосылды
Астана автобустарында жол ақысын төлемейтіндерді түсіретін жаңа камералар пайда болды. Жаңа жоба CTS-те іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі» атты жоба билетсіздермен күресу және автобустардағы қауіпсіздікті жақсарту үшін іске қосады.
«Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамыр күні №24 маршруттың бір автобусына деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, маршрутизаторлар және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушыларды және төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жүретін жолаушыларды анықтауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады компания.
Нақты уақыттағы ақпарат бірден CTS көліктік бақылау департаментіне түседі. 2 мамырдан бастап тек бір автобуста екі мыңнан астам билетсіз адам анықталды. Жоба пилоттық режимде іске қосылғандықтан, билетсіз жүргендерге айыппұл салынбады.