10.06.2024, 18:00
Оқиғалар
Денис Теннің бапкері қайтыс болды
Шебер өз мансабында ондаған көрнекті мәнерлеп сырғанаушыны дайындады
Фото: Instagram/denisten_official
Марқұм Денис Теннің бапкері, аты аңызға айналған Фрэнк Кэрролл 85 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты АҚШ мәнерлеп сырғанау қауымдастығы растады.
Шебер өз мансабында ондаған көрнекті мәнерлеп сырғанаушыны дайындады.
«Ол көптеген Олимпиада және Әлем чемпиондарының, сондай-ақ көптеген болашақ Даңқ залы иегерлерінің мансабында маңызды рөл атқарды», - делінген хабарламада.
Фрэнк Кэрролл Құрама Штаттардағы мәнерлеп сырғанаудан ең табысты жаттықтырушы ретінде танылды. Денис Теннен бөлек, оның шәкірттері қатарында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары Линда Фратиани, Мишель Кван және Эван Лисачек болды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды